Экономика • 19 Шілде, 2021

Сауда министрлігі мен Mastercard ортақ мәміле жасасты

176 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Mastercard халықаралық төлем жүйесі Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары бойынша бірлескен жұмыс жасау туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Сауда министрлігі мен Mastercard ортақ мәміле жасасты

Бұл мәміле ШОБ-тың цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру, электрондық төлемдер мен электрондық коммерция құралдарына қол жеткізу, цифрлық төлемдер инфрақұрылымын құру және қазақстандық ШОБ үшін стартаптарды жеделдету бағдарламаларын қолдауды көздейді.

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова атап өткендей, 2025 жылға қарай Сауданы дамытудың ұлттық жобасы аясында Қазақстандағы электрондық сауда үлесінің 15 пайызға дейінгі көрсеткішіне қол жеткізу мақсаты қойылған.

«Осы серіктестік аясында іске асырылатын бірлескен бастамаларымыз біздің кәсіпкерлерге бизнесті цифрландыру саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар мен мамандардан қажетті білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Бұл оларға сауда саласында жұмыс стратегиясын өзгертуге, жаңа форматтарды, стандартты емес шешімдер мен қызметтерді табуға көмектеседі. Электрондық сауда елдегі экономиканың өсу драйверлерінің бірі, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарының көзі бола алады», дейді Әсел Жанасова.

Өз кезегінде, Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Рафал Трэпка ҚР Сауда және интеграция министрлігімен ынтымақтастық орнатқанымызға қуанышты екенін жеткізді.

«Бұл стратегиялық серіктестік біздің жаһандық міндеттемелерімізге сәйкес жүзеге асырылады. Mastercard ШОБ-ты қолдау үшін ауқымды кешенді тұтас тәсілдемені қабылдады, бұл қазіргі уақытта өзекті. Біз ҚР Сауда және интеграция министрлігімен ынтымақтастық орнатқанымызға қуаныштымыз. Өйткені үкіметтік органдар экожүйені қолдау процесінде ерекше рөл атқарады. Біздің бірлескен күш-жігеріміз Қазақстан экономикасына және бүкіл қоғамға пайдалы болатынына сенімдіміз», деді Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Рафал Трэпка.

Серіктестік биылғы жылдың сәуір айынан бастап табысты жүргізіліп келе жатқан білім беру вебинарларының сериясын өткізу арқылы ШОБ-тың цифрлық және қаржылық сауаттылығын ілгерілетуді көздейді. «Жарнама және цифрлық жылжыту», «Бизнестен электрондық бизнеске» және «Электрондық төлемдер» тақырыптарында вебинарлар өткізілді. Болашақ вебинарлардың тақырыптары ШОБ сұраныстары бойынша таңдалады және бүгінгі күні кәсіпкерлер алдында тұрған өзекті мәселелерді көрсетеді.

Серіктестер АХҚО Финтех хабымен әріптестікте SmartDuken (ШОБ үшін электрондық коммерция мектебі) платформасын іске қосуды жоспарлап отыр. SmartDuken – кәсіпкерлерге өз бизнестерін онлайн құруға, дамытуға және кеңейтуге көмектесетін алаң. Платформа ШОБ-қа тегін қолдау мен көмек көрсетуге, сондай-ақ өз бизнесін онлайн режиміне көшіргісі келетін және оны жаңа нарықтарға кеңейткісі келетін ШОБ үшін бизнес-акселерацияны ұсынуға бағытталған. Алаңның мақсаты – халықаралық серіктестердің қатысуымен бизнесті цифрландырудың басынан аяғына дейін практикалық жол арқылы ШОБ-ты сүйемелдеу және қатысушыларды онлайн-форматта бизнес жүргізуге үйрету. 

Ынтымақтастық аясында Қазақстанда ШОБ цифрландыру үшін Mastercard төлем технологияларын қолдану мүмкіндігі, мысалы, Card on File, Payment Gateway, Acceptance and Trade сияқты шешімдерді қоса алғанда, зерделенетін болады.

Start-up & Fintech Acceleration бағыты бойынша Startup Weekend Central Asia-2021 байқауларының қазылар алқасында Mastercard тәлімгер ретінде қатысты. Сондай-ақ Mastercard АХҚО Fintech Hub және Интернет-бастамаларды дамыту қорымен (Ресей) бірлесіп, 2021 жылғы шілдеде Astana Finance Days конференциясында Қазақстанда банктер үшін алғашқы финтех-акселератордың іске қосылғаны туралы хабарлады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінен басқа жобаларға «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры, АХҚО Финтех хабы, Кәсіпкерлік пен бизнес-ортаны дамыту бойынша USAID жобасы, MOST бизнес-инкубаторы, Yandex Direct, Ecwid, Robokassa компаниялары және басқа да бірқатар серіктестер қатысты.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) зерттеулеріне сәйкес, COVID-19 пандемиясы әлемде электрондық сауданың кең таралуына ықпал етті. Жаңа кәсіпорындар құрылуда, жаңа клиенттік тәжірибе қалыптасуда, жаңа өнімдер мен қызметтер ұсынылады. Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде де жаһандық трендтерден тыс қалмайды. Қазақстанда электрондық сауда 2020 жылы айтарлықтай дамыды. Алайда, e-commerce-тің таралу деңгейі онша жоғары емес және бизнес үшін пайдаланылмаған мүмкіндіктер көп.

 

АЛМАТЫ