10 Қаңтар, 2014

Күннен қуат алатын вагондар

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында ақпарат құралдары өкілдерімен жүздескен Жарма ауданының әкімі Әнуарбек Мұхтарқанов елді елең еткізетін жаңалықтан хабардар етті.

Жақында ақпарат құралдары өкілдерімен жүздескен Жарма ауданының әкімі Әнуарбек Мұхтарқанов елді елең еткізетін жаңалықтан хабардар етті.

– Жайлауға машық­тан­ды­рыл­ған вагондар көшіп-қонуға ыңғайлы. 30 градус аяз бен  40 градус ыстыққа шақталған вагондарға деген сұраныс күннен-күнге артып келеді.  Бұл өз кезегінде мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың жұмысын жеңілдетпек, – деді аудан әкімі. 

 Екі бөлмелі шағын баспананың жаңалығы – күн сәулесі батарея­сы және жел арқылы өзін өзі қам­та­масыз етеді. Бұған қо­са, газбен жылыту пештері де қо­сым­ша орнатылған. «Жарма Құрылыс Газ» ЖШС-нің басшысы Виктор Исабаевтың айтуына қарағанда, вагондардың  құны 1 млн. 900 мың теңгеден 3 млн. теңгеге дейінгі аралықта. 

Алғашқы «шағын баспаналар»  Бесқарағай және Катонқарағай аудандарына жөнелтілді. Сұраныс басқа аудандардан көптеп түсе бастады.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы.