Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті жамағат, қадірлі отандастар!
Баршаңызды ұлық мейрам – Құрбан айттың келуімен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын! Сіздерге амандық пен саулық, бірлік пен береке тілеймін.
Бағзы заманнан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан халқымыз Құрбан айтты ерекше дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, көңілі жабырқаған жанға қуаныш сыйлау, мұқтаж адамға құрбандық етін таратып, сауап алу сынды ізгі амалдар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
«Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейрам. Ұлық мерекенің тәрбиелік мәні мен мағынасы осында жатыр. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), делінген. Аятта айтылғандай, Құдай жолында жақсылық жасауға ниеттенген пенде бұл амалды риясыз оймен орындайды.
Қаржылай мүмкіндігі бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет. Ал шамасы келмеген адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген. Айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс.
Адам баласы құрбандық шалу арқылы Алланың берген ризық-несібесіне шүкір етеді. Көмекке мұқтаж жанға қолұшын беріп, айналасына шуағын түсіріп, шапағатын тигізеді. Мұсылман қауымын мейірімділік пен бірлікке үндейтін мерекеде барынша жақсылық жасауға тырысайық. Әсіресе, әлемді шарпыған жұқпалы дерттен науқастанып, шипа тілеген жандарға көмектесіп, оларға дұға етіп қойғанымыз абзал.
Алла Тағала еліміз бен жерімізді, барша адамзат баласын түрлі сынақтардан аман етіп, жақсылығы мен берекесін нәсіп еткей! Шалған құрбандықтарыңыз, берген садақаларыңыз, айт күндері амалға асырған Аллаға ұнамды әрбір игі істеріңіз қабыл болғай!
Айттан айтқа аман-есен жете берейік! Әмин!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек - Президент
Бизнес • Бүгін, 18:11
Референдумда әр азаматтың дауысы айрықша рөл атқарады – Президент
Қазақстан • Бүгін, 18:07
Аймақтар • Бүгін, 17:57
Павлодар облысының тұрғыны полицияға 138 патрон тапсырды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Жылжымалы медициналық кешендерде 1,8 млн тұрғын екпе алды
Коронавирус • Бүгін, 17:38
Президент отандық бизнес өкілдерімен кездеседі
Президент • Бүгін, 17:20
Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 17:16
Қаржы • Бүгін, 17:01
Мәскеу мұрағатынан қазақ хандары жазған хаттар табылды
Тарих • Бүгін, 16:50
Түрмеге ұялы телефон алып өтпек болған жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:43
Талдықорғанда ұрланған көлікпен қашқан оқушы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:35
Алматының таулы аудандарында құрылысқа тыйым салынуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Атырау облысында аурухана директорына әкімшілік айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 16:17
Елордада екі көше уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 16:06
Еуроодақ еліміздің ұшу қауіпсіздігін арттыру деңгейін бағалады
Қазақстан • Бүгін, 15:52
Елімізге контрабанда арқылы зиянды ойыншықтар жеткізілуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:43
АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны миллионнан асты
Әлем • Бүгін, 15:33
Ерлан Қарин Ұлттық құраманы Сурдлимпиададағы жеңісімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 15:26
Балқаш көлінен жүзден аса браконьерлік ау табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:15
Кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 14:55
Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:52
Алматы облысында қоқыс арасынан 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 14:40
Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Sarap: Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Бокс • Бүгін, 14:18
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Ұқсас жаңалықтар