Мұнай бағасы соңғы уақытта қайта өсе бастады. Қара алтын қазір барреліне 74-75 доллардан сатылып жатыр. Негізгі экспорттық әлеуетін мұнай құрайтын біз сияқты елдер үшін бұл жағымды құбылыс. Десе де мұнай бағасының көтерілуі теңгені неге күшейтпейді деген сауал да туындайды.

Бұл сұраққа Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, мұнай бағасының айтарлықтай өсуіне қарамастан теңге бағамы бір доллар үшін 425,6-428,7 аралығында саудаланып келеді.
«Мұнай нарығында қазір жағымды жаңалықтар басым болғандықтан, ол баррель бағасына әсер етеді. Мұнай бағасы соңғы 2 жылда алғаш рет 75,90 деңгейіне дейін жетіп, бір баррель үшін 75 доллар белгісінен асып түсті. Қоймалардағы қордың төмендеуі және қозғалыс жасауға қойылған шектеулерді біртіндеп алып тастауға байланысты, жаз мезгілінде сұраныстың ұлғаюын күткен инвесторлардың үміті мұнайдың белгіленген бағасының өсуін қолдап отыр. Дегенмен бірқатар ішкі факторлар теңгеге тежеуші әсерін беріп отыр. Біріншіден, іскерлік белсенділікті қалпына келтіру және локдаун кезеңінде «тыныш аймақта» болған тауарлар импортына кейінге қалдырылған сұранысты сату есебінен валютаға деген сұраныс тұрақты түрде сақталады. Атап айтқанда, өндіріс құралдары мен аралық тауарларға кейінге қалдырылған сұраныс жүзеге асырылуда», дейді Молдабекова.
Сонымен қатар ҰБ өкілі Қазақстан қор биржасында сауда-саттық көлемінің ұлғаюы экономикалық белсенділікті қалпына келтірудің және шетел валютасына сұранысты арттырудың айқын айғағы екенін айтады. 2021 жылғы қаңтар-мамырда сауда-саттықтың орташа көлемі бір күнде 125 миллионды құраса, маусымда оның көлемі 146 млн АҚШ долларына дейін өскен.
Былтырмен салыстырғанда биыл қаңтар-сәуірде импорт көлемі де артқан. Өндіріс құралдары мен азық-түліктік емес тауарлар импортының өзі 11,4 млрд долларға жетіпті. Шеттен әкелінетін тауарлардың 40 пайызы Ресейдің еншісінде екен. «Ресейден импортталатын тауарлар бағасының өсуі және біздің бизнестің тиісті күтулері сатып алу көлемінің ұлғаюына әсер етеді. Сонымен бірге маусымдық өзгерістер де әсер етеді», дейді сарапшы.
Оның сөзінше, маусымның бірінші жартысында негізінен шетелдік капитал үлесі бар компанияларға қатысты дивиденд төлеу кезеңі аяқталған. Бұл да валюта бағамына әсер ететін елеулі фактор. Яғни бұл компаниялар шетелдегі бас ұйымдарға аудару үшін акционерлердің дивидендтерін валютаға конвертациялайды. Бұл бағамға тікелей әсер етеді, өйткені мұндай кезеңдерде валютаға сұраныс артады.
«Валютаға сұраныс фискалдық ынталандырудың ықпалымен және зейнетақы жинақтарын пайдаланумен де қолдау табуда. Ұсыныс тұрғысынан үлкен өзгерістерді көріп отырған жоқпыз. Экспорттаушы компаниялар және бюджетке трансферттерді орындау үшін Ұлттық қордың активтерін конвертациялау валютаны сатудың негізгі көзі болып қалып отыр. Осы факторлардың барлығы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігіне әсер етеді. Қазіргі шетел валютасына сұраныстың артуы мұнайдың салыстырмалы түрде жоғары бағасына қарамастан теңгенің нығаюына мүмкіндік берер емес», дейді Әлия Молдабекова.
Телеграмдағы Tengenomika каналының жазуынша, мұнай теңге бағамына әсер етеді, бірақ оның өзі басты фактор емес. Айналадағы геосаяси ахуал, елдің экономикалық әлеуеті, ішкі көрсеткіштердің өспеуі, экономикалық белсенділіктің төмен болуы да теңге курсын балақтан тартуға жеткілікті.
«Әлия Молдабекованың мәлімдемесінен Қазақстанның валюта нарығында ерекше ештеңенің болып жатпағанын түсінеміз. Оның үстіне қазіргі жағдай теңгенің өзгермелі айырбас бағамының нарықтық механизмі толықтай жұмыс істеп тұр дегенді көрсетеді», деп жазады канал.
Былтыр жыл соңында болжам жасаған Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2021 жылдың соңында бір доллардың құны 445,6 теңгеге теңеседі деп еді. Расында, жағдай соған алып келе жатқан сияқты. 1 шілдедегі көрсеткішке мән берсек, 1 доллардың 427,89 теңгені құрағанын байқаймыз.
«12 айдан соң ІЖӨ өсімі 2,3 пайыз деңгейінде күтіледі. Инфляциялық күтулер біршама әлсіреді. Жылдың инфляция 12 айдан соң шамамен 7,3 пайыз деңгейінде болмақ» делінген қаржыгерлер қауымдастығының мәлімдемесінде.
Ал Еуразиялық даму банкінің мәлімдеуінше, республикада инфляцияның қарқынды өсім көрсетуі теңгенің ұдайы әлсірей түсуіне себеп болмақ. Банк 2021 жылы теңге 423, ал 2022 жылы 433-ке дейін құнсыздана түседі.
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізеді
Спорт • Бүгін, 09:08
«Сағадат саябағына» қойылған гүл шоқтары
Қазақстан • Бүгін, 08:59
Балғындарға арналған көркемсөз байқауы
Аймақтар • Бүгін, 08:57
«Джиро д’Италия» мәресіне таяп қалды
Спорт • Бүгін, 08:51
Футбол • Бүгін, 08:49
Теннис • Бүгін, 08:47
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Мектеп бітіргендерге сертификат берілді
Қоғам • Бүгін, 08:40
Қазақстан • Бүгін, 08:38
Мал шаруашылығындағы маңызды қадам
Экономика • Бүгін, 08:35
Орталық Еуропаны алаңдатқан көлік мәселесі
Әлем • Бүгін, 08:28
Еліміздің табысы – әрбір жастың еншісінде
Референдум-2022 • Бүгін, 08:25
Референдум-2022 • Бүгін, 08:20
Референдум-2022 • Бүгін, 08:18
247 сайлау учаскесі жұмысын бастайды
Референдум-2022 • Бүгін, 08:14
Азаматтық ұстанымның айқын көрінісі
Референдум-2022 • Бүгін, 08:08
Жұртшылықты ақпараттандыруға баса мән беру керек
Референдум-2022 • Бүгін, 08:03
Халықтың табысын арттыру – стратегиялық міндет
Үкімет • Бүгін, 08:00
Қандастарға қамқорлық білім беруден басталады
Білім • Кеше
АҚШ: Қару қолдануда саясат жоқ
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Мемлекеттік сатып алуда ашықтық орнайды
Экономика • Кеше
Адам капиталы – басты құндылық
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Айтыс – қоғамдық ойды қозғаушы күш
Руханият • Кеше
Түлектері жұмыссыз қалмайтын университет
Білім • Кеше
Балғын спортшылар «Министр кубогын» сарапқа салды
Спорт • Кеше
Дүлдүлдің шабысындай «Дүние шіркін...»
Қазақстан • Кеше
«Қызыл қырғын болады, бай байғұсқа айналады»
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Диқандардың техникасы сақадай сай
Аймақтар • Кеше
Жеңілдетілген несиеге – жаңа көлік
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Петропавл әуежайы тағы да сатылымға қойылды
Аймақтар • Кеше
Сенатта Арменияға мұнай жеткізу қағидалары талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды
Тағайындау • Кеше
Ауа райына байланысты 12 өңірде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Қазақстан халал өнімдерін сертификаттау құқығына ие болды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар