10 Қаңтар, 2014

Баяндылық бағдарламасы

261 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ел экономикасын әртараптандыру – Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағ­дарламасының басты мақсаттарының бірі. Бұл жөнінде жаңа жыл қарсаңындағы бүкілхалықтық тікелей телекөпірде де тағы бір қадап айтылды.

Ел экономикасын әртараптандыру – Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағ­дарламасының басты мақсаттарының бірі. Бұл жөнінде жаңа жыл қарсаңындағы бүкілхалықтық тікелей телекөпірде де тағы бір қадап айтылды. Осы орайда, «Алтын сапа» жүлдесінің иегері ретінде біздің ұжымға ерекше жауапкершілік жүктеледі.

Электровоздарды жөндеу мен оны жаң­ғыр­ту бағытындағы бірегей кәсіпорын саналатын зауытымыз «Индустрияландыру кар­­тасы» шеңберінде жүйелі жұмыстар ат­қа­руда. Біз бағдарлама жарияланған күннен бастап тиімді инновациялық инфрақұрылым қалыптастыруға тырыстық. Инвестициялық құйылымдар мен өз күш-қарымымызды сарқа пайдалана отырып гальваникалық, түсті металл құю цехтарын ашып, резинотехникалық және пластмасса бұйымдарын дайындайтын бөлімшелерді кеңейттік. Сондай-ақ, компрессорлар мен редукторларды, роторларды күрделі жөндеу учаскелерін іске қосып, ұста-механикалық, электромашина цехының екінші корпусын толықтай жаңғырттық.

Инновациялық қызметті белсенді жүргізу­дің арқасында зауытымызда заманалық ғы­­­лым мен техника жаңалықтарына кеңінен өріс ашылды. Мұның бір мысалы ретінде ұзақ жылдар қолданыста болған «ВЛ-60» элек­тровоздарын бүгінгі күн талабында жаң­ғырт­қанымызды айтуға болады. Сондай-ақ, «ВЛ-80» сериялы электровоздардың жылу жү­йелері мен пневматикалық тежегіштерін қуат­тандыру арқылы жүк және жолаушы та­сы­малындағы локомотивтер сенімділікпен пай­даланылуда. Сынақтардан сүрінбей өткен машиналарымыздың дизайндық безендірілуі, басқаруға қолайлылығы көз тартады және олар­дың тоқтаусыз қызметіне 20 жылдық ке­­­­піл­дік бере аламыз. Мұның өзі бізде жа­сал­­­ған электровоздардың мүлдем жаңа, яғ­ни, қазақстандық модельге сай екендігін дәлелдейді.

2012 жылы Қазақстанның қарышты трассаларына жаңа маркадағы сегіз локомотивті шығарсақ, 2013 жылы оның саны бес данаға артып отыр. Осы орайда, бұрын машинистің басқару кабинасы Украинадан тасымалданса, былтыр конструкторлық-технологиялық бюро мен экспериментті цех және құрылыс тобының мамандары аталған жабдықтарды өз қолдарымен жасап шығарып, өндіріске енгізгенін еске салған жөн. Жалпы, жаңа бағдарлама зауыт өнертапқыштарын жел­пініс­ке түсіргенін айтқым келеді. Дәстүрлі бас­таманың жандануы нәтижесінде элек­тровоздарға қажетті жабдықтар мен тетіктердің 180-нен астам түрі өзімізде жасалуда. Бұдан түскен экономикалық тиімділік 43 миллион теңгені құрап отыр.

Халықаралық стандарттағы «ISO 9000» сапа сертификатымен жұмыс істейтін ұжымы­мыз жаңа жылда да серпінді ісімен танылып, бәсекелестікке қабілеттілігін арттыра бермек. «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты талабы да осы.

Нұрмахан ПУЛАТОВ,

Атбасар электровоз жөндеу

зауытының директоры.

Ақмола облысы.          

Соңғы жаңалықтар