Аймақтар • 20 Шілде, 2021

Алматыда әйел мен баланы мотоцикл қағып кетті

1214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда мотоцикл жүргізушісі әйел мен оның баласын қағып кетті. Әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда әйел мен баланы мотоцикл қағып кетті

«19 шілде күні сағат 22 шамасында Алматы қаласының Бостандық ауданында 1962 жылы туған, Алматыда тұратын жүргізуші DUKE BLACK мотоциклін басқарып, Сәтпаев көшесімен батыс бағытта жүріп келіп, Республика алаңындағы № 4 ғимаратқа қарама-қарсы екі жаяу жүргіншіні - 1976 жылы туған азаматша мен 2015 жылы туған баланы қағып кетті. Олар Сәтпаев көшесінің жүріс бөлігін солтүстік бағытта дұрыс емес жерде кесіп өтті», деп түсіндірді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Полиция хабарлағандай, жол апаты салдарынан әйел жансақтау бөліміне жеткізілді, бірақ алған жарақаттарынан қайтыс болды. Бала қаладағы ауруханалардың біріне реанимация бөліміне жеткізілді. Жүргізуші де түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, тергеу жұмыстары басталды.