Үкімет өкілі Габриэль Атталдың айтуынша, елде коронавирустық пандемия толқынының жаңа кезеңі басталып, ол алдыңғыларынан анағұрылым жоғары қарқынымен таралуда.
Шенеуніктің айтуынша, бір апта ішінде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 125%-ға артқан, олардың 80%-ы дельта штамымен ауырған.
Франция Үкіметінің өкілі ресми Париж сауда орталықтарындағы азық-түлік пен негізгі қажеттілік заттарын сатып алуға арналған іріктеп өткізу жүйесі сақталатынын мәлімдеді. Карантинді бірінші рет бұзған азаматтарға €1,5 мың еуро айыппұл салынады. Карантиндік шектеулерді бұзу фактілері қайталанған жағдайда бұл сомма €9 мың еуроға дейін жетуі мүмкін. Заңды тұлғалар үшін айыппұл €45 мың еуроны құрайды.
Франция Парламентінің кезектен тыс сессиясы 21 шілдеде ашылады деп күтілуде. Онда «дельта» штаммының таралуын болдырмау үшін Үкімет дайындаған заң жобасы қарастырылады.