Ауа райы • 21 Шілде, 2021

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәрсенбіде елімізде күн ыстық болады, кей жерлерде жел күшейіп, жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

21 шілдеде көшпелі циклонның атмосфералық ағындарына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады. Өткінші жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды, кей жерлерде бұршақ жауады, тек еліміздің солтүстігінде күн райы ашық болады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы аудандарында найзағай ойнап, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады, Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда бұршақ жауады.

Күндіз Маңғыстау облысында найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай жарқылайды.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Күндіз Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады, оңтүстік облыстарда қатты ыстық болады. Алматы облысында, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.