Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 шілде күні сағат 08.00-де Mitsubishi Delica маркалы автокөлігінің жүргізушісі жолдың жиегімен келе жатқан 79 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
- Салдарынан жаяу жүргінші жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Алайда зейнеткер есін жимастан қайтыс болды, - деді департаментте.
Сондай-ақ дәл сол күні сағат 11.30-да Минин - Щедрин көшелерінің қиылысында «ВАЗ 21112» және «Тойота-Коррола» маркалы автокөліктері соқтығысып қалды.
«ВАЗ 21112» автокөлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалып, барлық фактілер бойынша тексеру жүргізілуде.