Екі ай бұрын Риддерде өрт шығып, 30-дан астам үй жанып кеткен болатын. Солай баспанасынан айырылған 11 отбасыға жаңа үйдің кілті табыс етілді. Қалған 20 жанұя жақын уақытта үйлі болады.
ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедшиновтің айтуынша, үй сапасы өңір климатын ескере отырып салынған. Құрылыс барысын мемлекеттік комиссия мен тұрғындар бірге бақылады. Ықшам ауданды абаттандыру мәселесі де қарастырылып жатыр.