Әлем • 21 Шілде, 2021

Испанияда Еуропалық Одақтағы ең биік ғимарат салынды

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испандық Бенидорм курорттық қаласында Intempo зәулім ғимаратының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл нысан Еуропалық Одақтағы ең биік ғимарат саналатынын жазады The Guardian басылымы.

Испанияда Еуропалық Одақтағы ең биік ғимарат салынды

Фото: ELPAIS/MÒNICA TORRES

Ғимараттың құрылысы 17 жылға созылған. Оның биіктігі  - 187 метр. Қос мұнарасында Испаниядағы ең жылдам лифт бар. Ол секундына 4,2 метрге көтеріле алады. Ал жоғарғы қабатқа 52 секундта жетеді.

 ло

Зәулім ғимарат 47 қабаттан тұрады. Екі мұнараның жоғарғы тұсы гауһар тәрізді құрылыммен біріктірілген. Онда пентхаус пәтердің бағасы шамамен 2 миллион еуроны құрайды. Ғимараттың басқа қабатында баға бір объект үшін 257 000 еуродан басталады. Соған қарамастан құрылыс кезеңінде Intempo ғимаратындағы 256 пәтердің 100-і алдын ала сатылып кеткен.

д