Аймақтар • 21 Шілде, 2021

Маңғыстаудағы эпидахуал күрделі – Министр

353 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Маңғыстау өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында коронавирустық инфекцияға қарсы күрес жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді. Сондай-ақ аймақтағы медициналық көмек көрсету мәселелері талқыланды және оларды жою бойынша ұсыныстар берілді, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл жайында mangystaumedia.kz сайты жазды.

Маңғыстаудағы эпидахуал күрделі – Министр

Маңғыстау облысы соңғы айда өзге аймақтармен салыстырғанда коронавирустық инфекция жұқтырғандар мен инфекциялық төсек орындарының толу сыйымдылығы жағынан алға шыққан.

«Бүгінде Маңғыстау өңіріндегі кейбір аудандарындағы төсек орын қорына үлкен салмақ түсіп тұрғандығы байқалады. Ақтау қаласындағы инфекциялық төсек орын 64,2%, реанимациялық 69% құрайды, Жаңаөзен қаласындағы инфекциялық төсек орын 80%, реанимациялық 43,7% құрады және тенденция әлі де өсетіндігін көрсетіп отыр. Бұдан бөлек Ақтау қаласында облыстық перинаталдық орталық деңгейінде реанимациялық төсек орындарының тапшылығы сезіледі деген болжам бар. Қазіргі уақытта 10 реанимациялық төсек орындарының 90% толық және модульдік инфекциялық стационардың 55 төсек орынының 69% толық», деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Биыл шілде айының 16 мен 20 аралығында Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобымен Ақтау қаласындағы екі емханаға және үш инфекциялық стационарға жүрмелі мониторинг жүргізілген. 67 амбулаториялық карта және 31 ауыр хәлде жатқан 31 медициналық картаға талдау жасалған. Нәтижесінде емханаларда мобильдік бригадалардың жетіспеушілігі байқалып отыр, коронавирустық хаттамалардың клиникалық сақталмауы, амбулаториялық деңгейде иммуномодульдік негізсіз тағайындау орын алған, вирусқа қарсы және антибактериалды препараттар, коронавирустық инфекция жұқтырған науқастардың жағдайын динамикалық бақылау кезінде ұйымдастыру жұмыстарында бірқатар кемшіліктер болды.

«Маңғыстау өңіріндегі қазіргі ахуал дабыл қағатындай деңгейге жетіп тұр, себебі алдағы уақытта төсек орындарының тез толып қалуынан төсек орын қорының жетіспеушілігіне және тұрғындарға стационарлық көмектің қолжетімділігі төмендеп кетуі ықтимал»,  деді Алексей Цой.

Бұл ретте жергілікті атқарушы органдарға аталған проблемаларды шұғыл арада шешу жөнінде тапсырма берілді.