Спорт • 21 Шілде, 2021

Токио-2020: Паралимпиада ойындарына баратын құрама анықталды

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың 24 тамыз - 5 қыркүйек аралығында Токиода XVI жазғы Паралимпиада ойындары өтеді. Қазақстан тарапынан 25 параспортшы 7 спорт түрі бойынша қатысып, ел намысын қорғайды. Бұл туралы Ұлттық Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz 

Токио-2020: Паралимпиада ойындарына баратын құрама анықталды

Қазақстан спортшылары Паралимпиада ойындарына жүзуден 7 жолдама, дзюдодан 6 жолдама, пауэрлифтингтен 5 жолдама, таеквондодан 3 жолдама және жеңіл атлетикадан 2 жолдама ұтып алды. Оған қоса, отандықспортшылар пара-каноэ және пара-нысана көздеп ату спорт түрлері бойынша алғаш рет жолдама алды.    

Токио-2020 Паралимпийадалық ойындарында Қазақстанның туын пара таеквондодан екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы және екі дүркін Еуропа чемпионы Нұрлан Домбаев көтеріп шығатын болды

Токио 2020 – Қазақстан Республикасының параспортшылары қатысып отырған алтыншы Жазғы Паралимпиада ойындары. 1996 жылдан бері Қазақстан атынан алғаш рет жиырмадан артық спортшылар жолдама алып отыр. 

Паралимпиада ойындарына баратын құрама:

Жүзу:

  1. Жұмағали Нұрдаулет
  2. Советқанов Нұрали
  3. Далиев Сиязбек
  4. Салимгереев Ержан
  5. Габидулина Зульфия
  6. Агалаков Роман
  7. Рахимбекова Алия

Жеңіл атлетика:

  1. Мұқашбеков Дастан
  2. Абылқасымқызы Салтанат

Дзюдо:

  1. Аманжол Жанбота
  2. Байбатина Зарина
  3. Даулет Темиржан
  4. Федосова Даяна
  5. Сариев Ануар
  6. Смағұлұлы Ғалымжан

Каноэ:

  1. Спатай Бибарыс

Таеквондо:

  1. Домбаев Нурлан
  2. Өміралі Нышан
  3. Досмалова Кәмиля

Пауэрлифтинг:

  1. Дегтярев Давид
  2. Қойшыбаева Раушан
  3. Хамаев Рахмеджан
  4. Абдыхалыкова Гульбану
  5. Солодухина Алина

Нысана көздеп ату

  1. Джумабаева Айсулу