Әлем • 21 Шілде, 2021

Дональд Трамптың бұрынғы кеңесшісі қамауға алынды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сейсенбі күні Нью-Йорктегі федералды сотта экс-президент Дональд Трамптың бұрынғы кеңесшісі Томас Баррак және басқа да азаматтардың Біріккен Араб Әмірліктерінің АҚШ-тағы мүдделерін заңсыз лоббилегені туралы айыптау қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz АҚШ әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Дональд Трамптың бұрынғы кеңесшісі қамауға алынды

Баррактың ұсталғаны туралы да хабарланды.

Лоббизм БАӘ шенеуніктерінің нұсқауы бойынша 2016 жылғы президенттік сайлауда сол кездегі үміткерге әсер ету арқылы жүзеге асырылды. 

Құжатта Баррак және тағы үш адамның 2016 жылдың сәуірі мен 2018 жылдың сәуірі аралығында БАӘ агенттері ретінде әрекеттері үшін айыпталғаны жайында жазылған.

Баррак сонымен қатар сот төрелігіне кедергі келтірді және федералды құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бірнеше рет жалған айғақтар берді, деп айыпталуда.