Аймақтар • 21 Шілде, 2021

Шу тұрғынынан төрт келі есірткі тәркіленді

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шу қаласының тұрғынынан төрт келі гашиш тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шу тұрғынынан төрт келі есірткі тәркіленді

«Қарасора-2021» Республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қайнар-Қордай автожолында ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатқан.

Көлікті тінту барысында Теа есімді қызметтік иттің көмегімен төрт келі гашиш табылды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі «есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді Жамбыл облыстық ПД УПН бастығы Асқар Жұмабеков.