Әлем • 21 Шілде, 2021

Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық қызды іздеу тоқтатылды

614 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 шілдеде Ыстықкөл облысында жоғалып кеткен 29 жастағы қазақстандық қызды іздеу жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық қызды іздеу тоқтатылды

«Sputnik Қырғызстан» сайтының дерегінше, бұл ата-анасының өтініші болған. 

«Оның бес туысы өзен арқылы өтетін көпірден Қаракөл-Алакөл жайлауына өтіп, отын алуға кетеді. Бірақ ол екінші жағалауда қалады. Қыздың Қазақстан азаматтығы бар, бірақ отбасы Ресейден келген», делінген ТЖМ хабарламасында.

Қыздың туысқандары іздеу жұмысын тоқтатып, елге оралуды шешкен.

«Іздеу жұмыстарын тоқтату туралы өтініш жоғалып кеткен адамның ата-анасынан түскен. Қыздың туысқандары біздің құтқарушылар сияқты жоғалып кеткен адамды тірідей табу іс жүзінде мүмкін еместігін іштей жақсы түсінеді. Қыз орманда адасып кетті деген үміт болды, бірақ ол ақталмады», деп нақтылады құтқарушылар.

Іздеуге 100-ден астам полиция қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері қатысты. Олар 20 шақырымнан астам аумақты тексерді.