Қоғам • 21 Шілде, 2021

Ақтауда жол апатынан бір кісі қаза тапты

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласының 7-шағынауданында жол апаты болып, жүргізушілердің бірі оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақтауда жол апатынан бір кісі қаза тапты

Ақтау қаласының 7-шағынауданындағы жол-көлік оқиғасы қайғылы аяқталды. Lada Largus пен Toyota Prado көлігі соқтығысып, Lada жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан. 

«Ауруханаға 2002 жылы туған жігіттің мәйіті мен жол-көлік оқиғасы болған жерден жарақат алған бір қыз жеткізілді. Дәрігерлер оған медициналық көмек көрсетіп, амбулаториялық емдеуге жіберді», деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, жол апаты 20 шілдеде түнгі сағат 23:30 шамасында болған.