Спорт • 21 Шілде, 2021

Назар аударар нақыштар

265 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Токиода жүрген Қазақстан спортшылары бүгінде Олимпиадаға сақадай сай. Дүбірлі дода қарсаңында ел спортшылары туралы бірнеше қызық дерек ұсынамыз.

Назар аударар нақыштар

63 ер мен 33 әйел

Жапония жерінде 96 отандық атлет спорттың 27 түрінен бақ сынайды. Құрама сапында 63 ер мен 33 әйел спортшы бар.

Тұңғыш рет Ту ұстайды

Бокстан әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қам­шыбек Қоңқабаев пен Лондон Олим­пиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Олимпиаданың ашылу салтанатында тұңғыш рет Ту ұстап шығады.

Salta бренді

Олимпиадаға Қазақстан делегациясы арнайы тапсырыспен дайындалған киіммен аттанды. Salta брендімен танымал Сал­танат Баймұхамедова –олим­пиа­далық киімнің дизайнері. Қа­зақ­стандық спортшыларға ар­налған спорттық жейдені ис­пандық Joma компания­сы жасады.

Кім кенже?

Қазақстан Олимпиадалық құра­масы сапындағы ең жас спортшы 19 жаста. Ол – көркем гимнастикадан Азия чемпионы Алина Әділханова.

Жеті жолдама жеңіп алды

Милад Карими – спорттық гимнастикадан Олимпиаданың жеті жолдамасына ие болған жалғыз атлет. Ол Токиода өтетін додада көп­сайыс, еркін жаттығу, қолды тіреп секіру, қоссырық, шығыршық, керме және гимнастикалық ат снаряды бойынша жарысқа қатысады.

Тарихи жетістік

20 жылдан кейін алғаш рет Қазақстаннан үш садақшы Олим­пиадада командалық жарыста сынға түседі. Санжар Мұсаев, Денис Ганькин және Ильфат Абдул­лин Нидерландтың Хертогенбос қаласында өткен әлем чемпиона­тында алтыншы орын иеленді. Олим­пиадада командалық жолда­маға ие болған олар сондай-ақ жекелей сында да өнер көрсетеді.

Командадағы жалғыз құрама

Су добынан ерлер құрамасы командалық ойын түрлерінен жа­рысқа қатысатын қазақстандық жалғыз құрама болып отыр. Олар Олимпия ойындарына сегіз жылдан кейінгі үзілістен соң оралды.