Ауыл тұрғындары ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлаудан үлкен үміт күтулі. Өздері сайлайтын үміткерлердің ел ішінде көптен қордаланып қалған мәселелерін шешіп, тұрғындардың тілегіне құлақ асатындығына сенімді болып отыр.

Волгодоновка ауылында да ауыл тұрғындары әлденеше рет көтерген, жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан өткір мәселелер аз емес. Оның ең бастысы – мал жайылымының тарлығы. Ал ауыл тұрғындары мал сүмесімен күн көріп отыр. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықты тиімді пайдаланып, «Сыбаға», «Алтын асық» тәрізді бағдарламалар арқылы несие алып, төрт түлікті көбейтуге тұсау болып отырған да осы жайт.
Ауыл әкімін сайлауға байланысты өткізілген жиынға республикалық «Ауыл» партиясы атынан қатысатын үміткер Бегіндік Кабелдинов жергілікті жердің мәселесін жақсы біледі. Сондықтан өз бағдарламасын халықтың мұң-мұқтажына орай жасаған сыңайлы.
Ауыл мәселесі егжей-тегжейлі қозғалған жиынға «Ауыл» партиясының облыстық және аудандық мәслихаттардағы депутаттары, қоғам белсенділері, ауыл тұрғындары қатысты. Үміткер Б.Кабелдиновтің айтуына қарағанда, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жайылымдық жерлерді елді мекен тұрғындарына қайтарып беру туралы тапсырмасы орындалмаған. Тиімсіз пайдаланып жатқан жер бола тұра, бұл бағытта ұмтылыс жоқ.
Биылғыдай қуаңшылық жылы жайылымдық және шабындық жер аз болуы себепті ел төрт түлік малын азайтып алуы әбден мүмкін. Сондықтан бұл мәселе таяу арада оңынан шешілуге тиісті. Жиынға қатысқан партия төрағасының орынбасары, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ректоры Қайрат Айтуғанов малсақ қауымның шалғай жерлерді игеруі туралы ұсынысын айтты. Дәл осындай мәселе Ақкөл ауданына қарасты Азат ауылында да туындаған екен. Ол жерде халықтың малын су көздері бар жайлауда бағу үшін тұтынушылар кооперативі ұйымдастырылыпты. Шешеннің айтуына қарағанда, қиындықтан шығар жолдың бірі осы. Бір айта кетерлігі, аталған жобаға бүгінгі үміткер Б.Кабелдиновтің де тікелей қатысы болған екен. Ол – Ақкөл ауданындағы 13 ауылдың тұрғындарын кооперативке біріктіріп, мал бағу туралы насихат жүргізгендердің бірі.
Жиын барысында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелері де сөз болды. Бұл да өзекті тақырыптың бірі. Ауыл тұрғындары бал арасын бағу, тауық өсіру тәрізді жұмыстарды атқара алар еді. Зерттеу университетінің білікті мамандары бұл бағытта тиімді кеңес беруге дайын.
Ауылдағы өткір мәселенің бірі – жол жайы. Бірнеше жылдан бері биік мінбелерден айтылып келе жатқанымен, шешімін таппаған. Жолдың нашарлығы ауыл тұрғындарының жанына батып отыр. Кейбіреулердің басқа жаққа көшіп кету себебі де осы.
Жиын барысында көпшілікке ортақ тақырып қамтылды. Ол – қайтсек ауылдың ажарын көркейтіп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартамыз деген көкейкесті сауал. Айтылған пікірлерден түйілген ой – ауылға жанашыр басшыны жұрт өзі таңдауға тиісті.
Ақмола облысы,
Аршалы ауданы
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Әскери қызметтен өткен университет түлектері грантты өтеуден босатылады
Білім • 20 Мамыр, 2022
Былтыр 3 ірі мұнай операторы бюджетке 7,5 млрд доллар тікелей төлем жасады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар