Қазақстанда ұйымдастырылған туризмді дамыту қажет. Өкінішке қарай, ұйымдастырылмаған, жаппай туризм салдарынан туристер Қазақстандағы демалыс орындарына залалын тигізіп жатыр. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен тұрақты туризмді дамыту жөніндегі «Мемлекеттік құрылымдармен диалог» тақырыбындағы онлайн конференцияда айтылды.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның айтуынша, Палата «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, жол картасын құрған. Соның аясында тұрақты туристік өнімдерді, эко, агротуризмді дамытуға, қонақүйлерді ашу тәжірибесін кеңейтуге жол ашылмақ. Осылайша, өңірдің экономикасын өркендетуге, жұмыс орындарын құруға және жергілікті тұрғындарға қосымша табыс көзі болатын туризмді жетілдіруге көңіл бөлінеді.
Спикердің айтуынша, қолданыстағы және нарықта жаңадан пайда болып жатқан туристік өнімдер кәдесый өнімін сатып алу, ұлттық және өңір үшін ерекше тағамдардың дәмін тату, әдемі фотосурет жасауды қамтуы тиіс. Ол үшін ҰКП мамандары туристік өнімді қалыптастыру үдерісіне, туристік маршрут қалыптасып жатқан орынға шағын бизнесті, соның ішінде өңірлік кәсіпкерлерді тарту қажет деп санайды. «Өңірдегі шағын бизнес өнімдер тізбесін кеңейтуге жергілікті тұрғындар да қатысуы керек. Мысалы, жылқыларды жалға беру, туристерді егістіктен көкөніс жинауға қызықтыру, қолөнер бойынша шеберлік сабақтар өткізу, ұлттық тағамдар ұсыну сынды шараларды ұйымдастыру керек. Қолөнер өнімдері қазақтың ұлттық қолөнерін әлемге танытып қана қоймай, жекелеген өңірдің танылуына және ілгерілеуіне де ықпал етері анық», дейді Ю.Якупбаева.
Конференция аясында қатысушылар экоресурстарды ұтымды пайдалану, жұмыссыздық пен кедейлікпен күрес, қазіргі заманғы арзан туризм және туристік өнімдердің сапасын жақсарту сынды мәселелерді де талқылады.
«Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы биыл Мәдениет және спорт министрлігі және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен үшжақты келісімшарт жасасқан. Осы құжат бойынша объектілерді абаттандыру бойынша нақты шараларды анықтау үшін қолданыстағы туристік маршруттарды диагностикалау; агротуризмді дамыту бойынша оқыту семинарларын өткізу; экотуризмді дамыту үшін қонақүйлер санын арттыру мақсатында тренингтер өткізу; қолөнер түрлерін сақтау және ілгерілету тәсілдерін пысықтау сынды шараларды ұйымдастыру жоспарланған.
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Әскери қызметтен өткен университет түлектері грантты өтеуден босатылады
Білім • 20 Мамыр, 2022
Былтыр 3 ірі мұнай операторы бюджетке 7,5 млрд доллар тікелей төлем жасады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар