Бүгінде цемент және өзге де құрылыс керек-жарағын жөнелтушілердің проблемалары жіті бақылауға алынды. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де онлайн-режімде өткен кеңесте осы мәселе көтерілді.

Биылғы бірінші жартыжылдықта цемент тиеу 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9% көбейіп, 4,3 млн тоннаға жетті. Қазақстан бойынша 3,3 млн тонна жүк тасымалданса, оның 830 мың тоннадан астамы елордаға жеткізілді. Бұл көрсеткіш былтырғы 6 айдағы тасымал көлеміне қарағанда 43% артты. Биылғы қаңтар-маусым айларында 7 млн тоннадан астам құрылыс жүктері тиелген. Оның басым бөлігі, яғни 6,8 млн тоннасы ел ішінде тасымалданды.
«Цемент және басқа да құрылыс материалдарын тасымалдау бойынша барлық өтініштер толықтай қамтамасыз етілуде. Вагон тапшылығы жоқ, бірақ бұл ретте қолданыстағы паркпен тиімді әрі ұтымды жұмыс істеу қажет», деді жиында сөз алған «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов.
Қазіргі уақытта Қазақстан магистральдық желісінде 65 мыңнан астам ашық вагон бар, оның 23 мыңнан астамы – «Қазтеміртранс» АҚ меншігінде. Қалғаны жеке операторлар мен көрші мемлекеттерге тиесілі. Құрылыс жүктерін тасымалдауға «Қазтеміртранс» АҚ паркі: 10 мыңнан астам ашық вагон, 7,3 мыңнан астам жабық вагон, 72 платформа жұмылдырды. Қазақстан аумағында 4,5 мыңнан астам хоппер-цемент тасығыш бар, олар негізінен жекенің қолында. Тек 668 цемент тасығыш «Қазтеміртранс» АҚ балансында.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-да жүк тиелген және бос вагондардың жүріп-тұруына тәулік бойғы бақылау орнатылған. Құрылыс заттарын қабылдап алушылардың жүктерді дер кезінде түсіріп алмауынан стансалық және кірме жолдарда көлік жиі тұрып қалатын болды. Сондықтан атқарушы директор жүк операцияларындағы технологиялық нормаларды сақтау керектігін ескертті. Цемент және жалпы құрылыс жүктерін тасымалдау бойынша мәселелерді жедел шешу үшін «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС мессенджерде чат жұмыс істейді, оған ірі цемент зауыттарының өкілдері, жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар кіреді.
Кеңес барысында шалғай стансаларда жүк тиелген вагондармен жұмыс істеу үшін маневрлік локомотив беру мәселесі шешімін тапты. Цемент, силикат кірпіші бар вагондардың ұзақ уақыт тұрып қалу фактілері ерекше бақылауға алынды.
Онлайн-кеңесті қорытындылай келе, Нұржан Келбұғанов осындай кең форматтағы кездесулер тұрақты болатынын атап өтті.
«Егемен-ақпарат»
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Әскери қызметтен өткен университет түлектері грантты өтеуден босатылады
Білім • 20 Мамыр, 2022
Былтыр 3 ірі мұнай операторы бюджетке 7,5 млрд доллар тікелей төлем жасады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар