Аймақтар • 22 Шілде, 2021

Атырауда департамент басшысы тағайындалды

1854 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына азаматтық қорғау полковнигі Битаев Сәбит Кенжеханұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда департамент басшысы тағайындалды

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болған Сәбит Кенжеханұлы 1976 жылы 14 қазанда туған. 1998 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін өрт қауіпсіздігі технигі, ал, 2001 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі инженері мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысында мемлекеттік өртке қарсы қызмет жедел бөлімінің инженері болып бастады. 2008 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында түрлі басшылық лауазымды атқарып келеді.