Әлем • 22 Шілде, 2021

COVID-19: Ресейде күніне 700-ден астам науқас қайтыс болады

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтыру мен вирус салдарынан көз жұму жағдайларының өршу деңгейі әлі де төмендеген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

COVID-19: Ресейде күніне 700-ден астам науқас қайтыс болады

Соңғы тәулікте Ресей Федерациясында 24 471 адам коронавирус індетіне шалдыққан. Өлім-жітімнің рекордтық саны да орын алуда. Шілде айының басынан бері елде күн сайын 700-ден астам адам қайтыс болады.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекциядан 796 азамат көз жұмды. Ауру салдарынан құрбан болу деректері ірі қалаларда көптеп тіркелуде: Мәскеуде-102 адам және Санкт-Петербургте өткен күні 95 науқас қайтыс болды.