Аймақтар • 22 Шілде, 2021

10 мың теңгемен үш сатушыны алдаған алаяқ ұсталды

816 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтандағы дәмханалардың бірінде жас жігіт ақша купюрасын ауыстыру сылтауымен 10 мың теңге иемденген. Осыған ұқсас схема бойынша күдікті елордадағы үш сауда орындарының сатушыларын алдаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

10 мың теңгемен үш сатушыны алдаған алаяқ ұсталды

Ойлаған ісін әрі жалғастыру мақсатымен қаскүнем қаланың дүкендерінде азық-түлік сатып алу арқылы әмиянынан 10 мың теңге купюрасын көрсетіп, ақшаны қолынан шығармаған.

«Сатып алушы» сатушының ақша санап жатқанын пайдаланып, оны әңгімелермен алаңдатып, қолындағы ақшаны қайтадан әмиянына салып алған. Азық-түлік дүкенінен азық-түлік пен қалған ақшасын алып, қылмыс орнынан жасырынып, 10 мың теңгені пайда қылған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасаған күдіктіні Қарағанды қаласында ұстады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, 29 жастағы күдікті бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған болып шықты.