Аймақтар • 22 Шілде, 2021

Павлодарда карантинді бұзғандар жауапкершілікке тартылуда

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде қалалар мен аудандарды қамтыған 176 мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда карантинді бұзғандар жауапкершілікке тартылуда

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, топ құрамында жергілікті атқарушы органдардың, ішкі істер органдарының өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалар кірген. Ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 20 шілдесі аралығында мониторингтік топтар 5 992 рейд жүргізіп, 35 835 нысан тексерілді. Шектеу шараларын бұзу 231 объектіде анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 22 млн теңгеден асатын 181 айыппұл түрінде әкімшілік шаралары қабылданды, 24 іс сотқа жіберілді. 

22 шілдеде мониторингтік топтар 9 рейд жүргізді, оның барысында 53 нысан тексерілді. Шектеу шараларын, оның ішінде карантинді бұзу анықталмады.

- Мамандар бұқаралық іс-шараларды өткізу фактісін анықтады. 1 қаңтардан бастап мұндай 51 факті тіркелді, олардың қатарында отбасылық іс-шаралар, тойлар, дәмханалар мен мейрамханаларда да өткізілетін еске алу астары мен кеңестер бар. Шектеу шараларын жүйелі түрде бұзатындар ерекше назарда. Облыста осындай 16 нысан анықталды, оның ішінде 12 заң бұзушылық облыс орталығында, 4 оқиға Екібастұз қаласында тіркелді, - деген департаментте.

Жауапты тұлғаларға қатысты 29 айыппұл түрінде 8 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік шаралар қабылданды.