Аймақтар • 23 Шілде, 2021

Қызметкерлер қан тапсырды

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті ОВ-156/1 мекемесі қызметкерлері короновирустан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін Қан орталығына барып қан тапсырды.

Қызметкерлер қан тапсырды

Халықаралық зерттеулерге сенсек, бір рет қан өткізсеңіз, орта есеппен үш адамға көмек көрсетеді екенсіз. Сондай-ақ, мамандардың пікірінше, ұдайы қан өткізіп жүрген адам өз өмірін 5-7 жылға ұзартады.

Донор болу, еліміздегі әр азаматтың парызы деп білеміз. Мекеменің қызметкерлері тығыз жұмыс уақытына қарамастан, қан қажет етіп жатқан науқастарға көмектескілері келді, – дейді тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі, әділет аға лейтенанты Аслан Рақышев.