Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың Ақтөбеге келген сапарында өңірдің эпидемиялық ахуалы жан-жақты талқыланды. Министр рентген жабдықтарын шығаратын «Ақтөберентген» АҚ зауытында, перинатальды және онкогематология орталықтарында болып, №1 қалалық емхана жұмысымен танысты. Жұмыс сапарының соңында коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді.

Ақтөбе облысы 9 шілдеден бастап коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл аймақтың» қатарында тұр. Пандемия басталғалы өңірде КВИ-мен 14 142 адам ауырып шықты. Бүгінде қауіпті індетке шалдыққан 2 490 науқастың 503-і стационарлық, 1 987-і амбулатуралық режімде ем алып жатыр.
Осы жылдың басынан бері 294 жүкті әйел коронавирус инфекциясын жұқтырып дәрігерлік көмекке жүгінді. Бүгінде провизорлық орталықта 57 жүкті келіншек жатыр. Айта кету керек, былтыр сәби күтіп жүрген 15 келіншек осы індеттің асқынуынан көз жұмған болатын.
«Қызыл аймаққа» енген күннен бастап, індетке шалдыққандар саны артуы мүмкін деген болжаммен өңірде 24 инфекциялық стационар әзірленді.
«Дәл қазіргі кезде 18 стационарда науқастар ем алып жатса, резервте 6-уы дайын тұр. Осы инфекциялық стационарларда дайындалған 3 603 кереуеттің 401-і – реанимациялық кереуеттер. 18 шілдеде бір тәулікте КВИ-мен ауырған 159 жағдай, ал 21 шілдеде 192 жағдай тіркелді (оның ішінде ауру симптомдары бар – 134)», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.
Сондай-ақ соңғы күннің мәліметіне қарағанда, Шалқар, Темір, Мұғалжар аудандарында коронавирус жұқтырғандар саны айтарлықтай көбейген. Соның ішінде 18 жасқа толмаған 25 бала осы жұқпалы індеттің құрығына ілініп, ауруханаға жатқызылды.
Айта кету керек, осы күнге дейін Ақтөбе облысының 206 мың 280 тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алды. Министр Ақтөбе облысында резервте тұрған кереуеттерді шұғыл түрде дайындап, кеңес беру-диагностикалық топтың жұмысын жасақтап, алғашқы жәрдем беру орталықтарында ахуалдық орталықтар ашуды тапсырды.
Ақтөбе облысы
Түркістан облысында әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Өткен тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:12
Елордада каратэден Азия чемпионатының үздіктері анықталды
Елорда • Бүгін, 10:02
Каспий жағалауынан 64 итбалықтың өлексесі табылды
Экология • Бүгін, 09:52
Ақтауда сарбаз әскерден қашып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Павлодарда 1,5 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 09:36
Елімізде жеңілдетілген автонесие беру басталды
Қоғам • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:17
Атақты актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды
Өнер • Бүгін, 09:16
Бақанаста Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Бүгін, 09:15
Бокс • Бүгін, 09:12
Халықаралық турнирлерде топ жарды
Теннис • Бүгін, 09:10
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:09
Спорт • Бүгін, 09:07
Қоғам • Бүгін, 09:05
Қоғам • Бүгін, 09:02
Биыл 550 шақырым темір жол күрделі жөндеуден өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:01
Спорт • Бүгін, 09:00
Тегераннан жақсы жаңалық күтеміз
Спорт • Бүгін, 08:59
Шабуылшы азусыз, қорғаушы қауқарсыз болса...
Хоккей • Бүгін, 08:58
Спорт • Бүгін, 08:57
Қоғам • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:54
Ағаштарға қауіпті бактерияны анықтайды
Ғылым • Бүгін, 08:52
Сүйекті алмастыратын материал жасалды
Ғылым • Бүгін, 08:50
Оңалту орталығының оңтайлы әдістері
Қоғам • Бүгін, 08:49
Білім • Бүгін, 08:47
Тоғыз жолдың торабында тозған вокзал
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Экономика • Бүгін, 08:40
Әлем • Бүгін, 08:39
Халық пікірін айқындайтын ауқымды іс-шара
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Референдум-2022 • Бүгін, 08:28
Референдум-2022 • Бүгін, 08:25
Аймақтар • Бүгін, 08:22
Әркім өз болашағына таңдау жасайды
Пікір • Бүгін, 08:20
Референдум-2022 • Бүгін, 08:17
Реформа сарапшылар кеңесінде талқыланды
Референдум-2022 • Бүгін, 08:15
Мемлекет басшысы Мәскеуге барды
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар