Ойыл ауданының орталығында «Даңқ» саябағы салынып жатқаны туралы бұрын да жазғанбыз. Жақында Ойыл ауылында жаңадан бой көтерген осы саябақ салтанатты жағдайда ашылды. Саябақтың салтанатты ашылу рәсіміне ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.

Аталмыш саябақтың құрылысы облыстық «Көркейе бер, туған жер!» акциясының аясында «Анвар» ЖШС қолдауымен жүргізілді. Жалпы аумағы 5,5 мың шаршы метрден асатын саябақ алаңына қазақтың аяулы қыздарының бірі Ботагөз батырға арналған ескерткіш орнатылып, екі жүзден астам ағаш көшеттері отырғызылған. Ботагөз батыр – тама Есет батырдың қызы, Әжібай бидің келіні. Ол жасынан өжет, шешен болып өскен, қазақ жерін шапқыншы қалмақтардан азат етуге қатысқан Ботагөз батырдың Әжібай бидің ауылына шапқан шапқыншыларды талқандаған жер – Темір ауданының аумағында «Қалмаққырған» деп аталады. Облыс әкімі «Даңқ» саябағымен бірге Ботагөз батырдың ескерткішін салтанатты түрде ашты. Ескерткіштің ашылуында сөз алған өңір басшысы Көкжар жерінің тарихи мұраларға бай екенін, құнды жәдігерлердің көптеп сақталғанын айтты. Ол биылдан бастап Ойылға газ құбырын тарту жұмыстары басталатынын жеткізді. Бұл мақсатқа бюджеттен 380 млн. теңге қаржы бөлініпті.
Салтанатты сәтте облыс әкімі ауданда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған алты тұрғын үйдің кілтін тапсырды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.