11 Қаңтар, 2014

Департаменттің жаңа ғимараты

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Щучье қаласында Бурабай ауданаралық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Небәрі жарты жылда қатарға қосылған қос қабатты кеңседе жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған барлық жағдайлар қарастырылған.

Щучье қаласында Бурабай ауданаралық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Небәрі жарты жылда қатарға қосылған қос қабатты кеңседе жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған барлық жағдайлар қарастырылған.

Салтанатты шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев пен Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов қатысып, сәулетті үйдің жібек бауын кесті. Қызмет бөлмелерін аралап көрген ҰҚК төрағасы облыс құқық қорғау органдары басшыларымен, іргелес аудан әкімдерімен, мекеме басшыларымен мәжіліс өткізді. Онда өңір басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің бастығы Дәулет Қысталасов, облыс прокуроры Мұратбек Исадилов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бурабай ауданаралық департаментінің бастығы Асқар Айтбаев өңірдегі оперативті жағдай туралы баяндады.   

– Бұл – уақыт талабына сай жабдықталған ауданаралық деңгейдегі бірегей ғимарат, – деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев. – Бурабай – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша назарындағы жауҺар өлке. Мұнда туризм индустриясымен қатар, ел мерейін көтерер халықаралық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған шаралар ауқымы кең. Сондықтан, ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылады. Жұмыс барлық бағытта жүргізілуі тиіс. Бүгінгі шарамыз тиімділікті арттыруға септігін тигізеді деп білемін.                                           

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар