* Елімізде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Тұран тв» телеарнасының тұсауы кесілді. Осы жылдың 1 ақпанынан бастап эфирге шығатын телеарна туризмді насихаттап, халқымызды саламатты өмірге баулитын хабарларды және салт-дәстүріміз туралы құнды деректерді жұртшылық назарына ұсынатын болады.
* Елімізде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Тұран тв» телеарнасының тұсауы кесілді. Осы жылдың 1 ақпанынан бастап эфирге шығатын телеарна туризмді насихаттап, халқымызды саламатты өмірге баулитын хабарларды және салт-дәстүріміз туралы құнды деректерді жұртшылық назарына ұсынатын болады.
* Қазақстандық спортшылар Сочи Олимпиадасына дайындалу үшін Еуропаға аттанды.Ұлттық құрама сапында Алексей Королев, Сабыржан Момынов, Константин Соколенко, Марат Жапаров, Радик Жапаров және Алексей Пчелинцев бар.
*Астана қаласындағы көпқабатты 48 тұрғын үйдің лифтісі ауыстырылады. Жалпы, бас қалада 4 мыңнан астам лифт бар. Олар пайдалану мерзіміне қарай келешекте кезең-кезеңімен жаңартылады.
*Алматы қаласы әлем туристері үшін тартымды 10 қаланың қатарына енді. «The Rough Guide» басылымы жариялаған сауалдамада саяхатшылардың қалауымен оңтүстік астана 7-орынға табан тіреген. Статистикалық дерекке жүгінсек, елімізге келетін шетелдік туристердің 80 пайызы Алматының әсем табиғатын тамашалағысы келеді.
*Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы әлеуметтік бейімдеу орталығы базасы жанынан әлеуметтік патруль қызметі құрылды. Бұл жерде жұмыс істейтін қызметкерлер шақыру бойынша қала көшелеріне шығып, үй-күйі жоқ адамдарға көмек көрсетеді. Осы арқылы әлеуметтік түйінді түйткілді біртіндеп шешуге мүмкіндік жасалғалы отыр.
*Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында мұнай өнімдерін сақтайтын станса салынуда. Жобаның жалпы құны 1,3 млрд. теңгені құрайды. Станса іске қосылғанда мұнда 9300 тонна мұнай өнімі сақталады.
*Кеше қарлы бұрқасынға байланысты «Астана – Қостанай» тас жолы жабылды. Мамандар бүгін де бұл жолға жолаушылардың сапарлап шықпауы керектігін ескертеді. Сондай-ақ, кеше «Астана – Петропавл» тас жолы да ішінара жабылған болатын.
*Шымкент қаласында алдағы мерзімде муниципалды автопарк пайдалануға беріледі. Оның жалпы құны 2 млн. теңгені құрайды. Бұл қаржы жеке инвесторлар есебінен бөлінген.
Bnews.kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.