Қоғам • 23 Шілде, 2021

Зират басына апарып өлтірген: Павлодар тұрғынына сот үкімі шықты

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында  кісі өлтіру және ұрлау ісі бойынша көпбалалы әке сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Зират басына апарып өлтірген: Павлодар тұрғынына сот үкімі шықты

Іс материалдарына сәйкес, Ақсу қаласындағы кафелерінің бірінде ер адамдар арасында қақтығыс болған. Демалушылардың бірі екіншісін ағасын өлтірді деп айыптаған, алайда бұл іс бойыша сот болып кеткен,  қылмысты деп танылғандар жазасын колонияда өтеп болған.

Қақтығыс барысында ер адам қарсыласын бірнеше рет ұрып, жанындағылармен бірге далаға алып шығады. Кейін көліктің жүк салғышына салып, қайтыс болған ағасының Майский ауданындағы зиратына алып келген. Мұнда ұрланған адам соққыға төтеп бере алмай, мерт болады.

Бұл қылмысқа қатысушылардың бірі 2019 жылдың сәуірінде 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Басқасы қашып кетті, оған қарсы іс бөлек сот ісіне бөлінді. Алайда, 2021 жылы 10 ақпанда  ұсталып, қамауға алынды. Сотта сотталушы тек ұрлау бойынша кінәсін мойындады, кісі өлтірудегі кінәсін мойындамады.

Істі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сотталушының кінәсі жауап алынған куәлардың айғағымен, сот сараптамаларының қорытындысымен, құжаттық және заттай дәлелдермен дәлелденді. Мас күйінде қылмыс жасағаны жауапкершілікті ауырлататын мән-жай деп танылып, кәмелетке толмаған бес баласының болуымен жаза жеңілдетілетін болды.

Алқабилердің үкімімен ер адам өзіне тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленуші тарап бұл үкімді тым жеңіл деп атады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.