Аймақтар • 23 Шілде, 2021

Қатты дауыл мектеп шатырын ұшырып кетті

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 22 шілдеде қатты желден Қарабау орта мектебінің шатыры бүлінген, деп жазады Egemen.kz.

Қатты дауыл мектеп шатырын ұшырып кетті

«Кеше желдің ұйытқуы секундына 20-23 метрге жетті. Қатты желдің салдарынан сағат 16:39 шамасында Қызылқоға ауданының Қарабау ауылындағы орта мектептің шатыры ұшып кетті. Бүлінген аумақтың жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бұл мектеп 1978 жылы салынған. Мектепке 2019 жылы күрделі жөндеу жүргізілген.