Коронавирус • 23 Шілде, 2021

Қазақстанда вакцинаның қанша қоры бар?

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні 582 141 доза вакцина бар. Бұл вакцинаның бірінші компоненті. Ал екінші компонент бойынша 1 млн 184 мың доза бар. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты, деп жазады Egemen.kz 

Қазақстанда вакцинаның қанша қоры бар?

Сoronavirus.kz телеграмм арнасының жазуынша, елімізде CoronoVac вакцинасының бірінші компонентінің 20 мыңға жуық дозасы бар. Вакцина барлық өңірде бар. Бірақ әр түрлі мөлшерде қолжетімді. Бұл вакцинаның көп мөлшері Маңғыстау облысында бар.

Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында аталған вакцина жоқ.

Sputnik V вакцинасының бірінші компонентінен 561 мың дана қалды. Бұл вакцина барлық өңірде бар.

Сонымен бірге QazVac-тың қазіргі күні 3 мың дозасы қолжетімді. Маңғыстау облысында және Атырау облысында көп мөлшерде бар.

Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарында QazVac жоқ.

Синофарм вакцинасының 6 286 дозасы қалды. Бұл вакцина тек Маңғыстау облысында ғана бар.