Коронавирус • 23 Шілде, 2021

Вакцина жасушалық иммунитетті он есе арттыруға мүмкіндік береді - Алмаз Шарман

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Дельта» коронавирус штамын жеңу үшін ұжымдық иммунитет қалыптастырудың маңызы зор. Бұл туралы Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Вакцина жасушалық иммунитетті он есе арттыруға мүмкіндік береді - Алмаз Шарман

Америка Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, вирусолог Алмаз Шарманның айтуынша, бүкіл әлем коронавируспен күресудің жауапты кезеңіне аяқ басты, өйткені пайдасы жоғары әрі тиімді  вакциналар жасалды.

А.Шарман өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 мыңнан астам науқастың тіркелгенін, антирекорд жаңартылғанын айтты. Бүгінде Қазақстанда халықтың тек 16%-ы ғана екпенің екі компонентін алған. Бұл өте аз көрсеткіш. Демек халықтың әлі 85%-ы вакцина алмаған. Бұл мутацияланған «дельта» коронавирусының таралу қаупін арттырады.

Ғалымның айтуынша, жаңа  штамм коронавирустың барлық алдыңғы нұсқаларына қарағанда 50-60% жұқпалы.

« Біз індеттің өте қауіпті кезеңіне аяқ бастық. Жағдайды вакцина алу арқылы өзгертуге болады», деді Алмаз Шарман.

Айта кетсек, Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 22 шілдедегі жағдай бойынша Алматыда екпенің I компонентін 670 351 адам алды. 60 жастан жоғары вакцина алған адам саны  94 835 адамды құрайды.

Қаладағы медициналық ұйымдарда, мектеп, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен  қаланың СОСО-да 212 вакцина пункті жұмыс істейді. Оны 250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігі бар. Онда 1 260 адам жұмылдырылған 308 екпе бригадасы қызмет атқарады.