Аймақтар • 25 Шілде, 2021

Қызылорда облысында сайлаушылардың 48%-дан астамы дауыс берді

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысындағы сайлау учаскелеріне 36 071 адам келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында сайлаушылардың 48%-дан астамы дауыс берді

Қызылорда облысында 40 сайлау округінде тіркелген кандидаттар саны 122 адамды құрады. Олардың ішінде саяси партиялардан - 47 кандидат, өзін-өзі ұсынғандар - 75. Облыстағы орташа бәсекелестік бір орынға үш адамды құрады.

Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде 36 071 адам тіркелген. Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетенін 17 614 адам алды, бұл шамамен 48,8%-ды құрайды.

Арал ауданында - 3831 адам, Қазалы ауданында - 1516 адам, Қармақшы ауданында - 1142 адам, Жалағаш ауданында - 1733 адам, Сырдария ауданында - 1337 адам, Шиелі ауданында - 2290 адам, Жаңақорған ауданында - 5765 адам сайлауға қатысты.

Сайлау конституциялық заңдарға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Облыс бойынша 54 сайлау учаскесінде саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан 313 байқаушы бар.