Аймақтар • 25 Шілде, 2021

Атырау облысында сайлаушылардың 62 пайызы дауыс берді

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың мәліметіне сүйенсек, 18 ауылдық округ әкімінің сайлауына дауыс беру 36 сайлау учаскесінде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында сайлаушылардың 62 пайызы дауыс берді

«Әр сайлау учаскесінде санитариялық талаптар қатаң сақталуда. Өңірдегі 18 сайлау округіндегі сайлау учаскелерінде 125 байқаушы тіркеліп, сайлау үдерісін қадағалауда. Оның ішінде үміткерлердің сенім білдірген 34 адамы бар. Ал, саяси партиялар 27 байқаушы жіберді. Сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың 43 өкілі байқаушы ретінде тіркелген. Ал, бұқаралық ақпарат құралдарынан 21 өкілі сайлау барысын қадағалап жүр», дейді Азамат Айманакумов.

Оның айтуынша, жергілікті уақытпен сағат 16:00-де сайлаушылар тізіміндегі 44 305 адамның 62 пайызы дауыс беріп үлгерді. Сайлаушылардың белсенділігі Атырау қаласында 58%, Жылыой ауданында 66,9%, Индерде – 71,2%, Исатайда – 69,5%, Құрманғазыда – 56,2%, Қызылқоғада – 66,1%, Махамбет ауданында 63,6%-ды құрады.