Қазақстан • 25 Шілде, 2021

Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында тәжік әскерилері үшін квоталар артады

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келесі оқу жылында қазақстандық әскери жоғары оқу орындарына түсуге арналған квота саны ұлғайтылады, деп хабарлайды Egemen.kz. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында тәжік әскерилері үшін квоталар артады

Талқылау барысында тараптар кадрларды даярлау мәселелерін қозғады.

«Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт шеңберінде тәжік әскерилерін оқытуға ақысыз негізде мүмкіндік береді. Биыл келесі оқу жылында қазақстандық әскери жоғары оқу орындарына түсуге квота ұлғайтылды», деп атап өтті ведомствода.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары Душанбеде өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің кеңесіне байланысты мәселелер де аталды. Отырысқа қатысушылар халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқыға салады деп күтілуде.