TOKYO2020 • 26 Шілде, 2021

Токио-2020: Марапаттау салтанатында маска шешуге рұқсат берілді

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио-2020 протоколында жеңімпаздарды марапттау сәтінде спортшыларға суретке түсу үшін 30 секунд маска кимей тұруға рұқсат берілді, деп жазады Egemen.kz Халықаралық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Токио-2020: Марапаттау салтанатында маска шешуге рұқсат берілді

Фото olympics.com

Токио олимпиадасын өткізу нұсқаулығы мен ғылыми кеңеске сәйкес, жеңімпаздарды марапттау рәсімінің хаттамасы өзгертілді. Енді спортшыларға спорттық мансабындағы ерекше сәтті суретке, видеоға түсіруі үшін 30 секунд маска тақпай тұруға рұқсат берілді. 

Әнұран толық орындалғаннан кейін, жеңіс тұғырында тұрған спортшыларға фотоға түсу үшін 30 секундқа маска шешуге болатыны жөнінде белгі беріледі. Бұл уақытта спортшылар бір-біріне жақындамай, белгіленген орнында тұруға міндетті. Суретке түсу аяқталғанда қайтадан маска тағылуы тиіс. 

Ал күміс және қола жүлдегерлер алтын медаль иегерімен бірге суретке түсуі үшін маска киюі керек. 

Жаңа хаттама бүгін таңертең қолданысқа енді және жақын күндері барлық жарыс алаңында қолданыла береді.