Елорда • 26 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйлердің терезесінен үш бала құлады

704 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы тәулікте елордада көпқабатты үйлердің терезесінен үш бала құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйлердің терезесінен үш бала құлады

25 шілдеде сағат 17:39-да Күмісбеков көшесіндегі күтушінің үйінде төрт жасар бала орындықтың көмегімен терезе алды тақтайына көтеріліп, бесінші қабаттың терезесінен автокөлікке құлап түсті. Бұл кезде бала күтушісі үйде болған. Түрлі дене жарақаттарын алған бала ауруханаға жеткізілді. Анасы баласын күтушіге қалдырып, ал өзі Бурабайға демалысқа кеткені анықталды.

Сол күні сағат 19:30-да 6 жасар қыз Қосшығұлұлы көшесіндегі үйдің екінші қабатынан жертөленің күнқағарына құлап түсті. Оқиға орын алған уақытта әкесі көшеде болған.

26 шілдеде аудандық полиция бөліміне 5 жасар баланың ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру барысында түнгі сағат 01:00 шамасында кішкентай бүлдіршін Кубрин көшесіндегі үйдің үшінші қабатынан құлағаны анықталды. Түрлі дене жарақаттарымен ол реанимация бөліміне жатқызылды. 

Полиция ұсынған мәлімет бойынша, жыл басынан бері елордада көпқабатты үйлердің терезесінен он сегіз бала құлап, бір бала көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35