Қазақстан • 26 Шілде, 2021

Алтын сатып алу азаймайды

589 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Маусым айында қазақстандықтар екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 124,2 кило болатын 3 188 құйма сатып алыпты.

Алтын сатып алу азаймайды

Ұлттық Банк халыққа тазар­тыл­ған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы іске қосқан еді. Бағ­дар­лама жүзеге асқалы жалпы салмағы 2,1 тонна 57 968 алтын құйма сатылған. Нарықта жалпы ал­тын құймаларының бес түрі ұсы­нылады: 5, 10, 20, 50 және 100 граммдықтар. Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие болғаны – 10 грамдық құйма. Оның жалпы сатылымдағы үлесі 30 па­йыз – 17 435 дана. Одан кейін 100 грамдық құйма – 12 801 дана (22 пайыз) және 20 грамдық құйма – 11 624 дана (20 пайыз), 5 грамдық құйма – 9 336 дана (16 пайыз), 50 грамдық құйма – 6 772 дана (12 па­йыз). Негізінен, өл­шен­ген құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұ­ра­нысқа ие екен.

«Алтын құймалар сенімді инвес­­ти­циялық құрал бола ала­ды. Банктер мен банктік емес айырбастау пункттерінің клиент­ке ақшасын төлеп, құй­ма­ларды «күнбе-күн» сатып ала алатын мүм­кіндігі – алтын құй­малар нары­ғының өтімділігін қамта­ма­сыз етуде негізгі факторға айналып отыр. Әр құйма қорғаныс эле­мент­терімен (құймалардың айна беті, микротекст және рельефтің шеті), құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және пакеттің ашылған-ашылмағанын тексеруді жеңілдететін арнайы қаптамамен шығарылады. Қор­ға­ныс қаптамасы, сонымен қатар құйманың сапа сертификаты бола алады. Сондықтан құйманы сақтағанда мұқият болып, ораманы ашпаған жөн», делінген Ұлт­тық банк хабарламасында.

Қазіргі уақытта алтын құйма­лар­ды Halyk Bank-те, Еуразиялық банкте, Jusan Bank-те, Банк ЦентрКредитте, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінде сатып алуға және сатуға болады.

30 маусымдағы жағдай бойынша еліміздің алтын-валюта қоры 35,1 млрд долларды құрайды. Бір ай ішінде 1,4 млрд долларға азайған. Ұлттық банктің хабарлауынша доллардың нығаюына байланысты алтын бағасы унция­сына 7 пайызға (1892-ден 1758 долларға) арзандаған. Бұл алтын бағасының 2015 жылдың қара­ша­сы­нан бері алғаш рет құл­ды­рауы.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабе­ко­­ва­ның айтуынша, қордағы алтын­ның үлесі – 62 пайыз. «Наурыз айында троя унциясы 1683 доллар бо­лып, мамырдың басында 1950-ге кө­теріліп қалпына кел­ді. Сон­дық­тан алтын бағасы құ­былмалы болып тұр.