Саяси аренада бірінші рет аудандық деңгейдегі ауыл, кент, қала әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Республиканың 14 облысының 176 ауданында 730 ауыл әкімі сайланып жатыр, жылдың аяғына дейін 775 әкім сайланады деп күтілуде. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының нақты, практикалық көрінісі.

Елімізде бірте-бірте эволюциялық жолмен қоғамдық-саяси өзгерістер болып жатыр. Республика бойынша сайлауға қатысу үшін 2 582 адам кандидат ретінде ұсынылып, 2 297-ы (88,9 пайыз) тіркеуден өтті. Сайлауға елімізде тіркелген барлық партия қатысты. 878 (38,2 пайыз) үміткерді партиялар ұсынды. Кандидаттардың басым көпшілігі 1 419-ы (61,8 пайыз) – өзін өзі ұсынушылар. Бұл тұрғындар сайлауды өзінің азаматтық позициясын білдіруге мүмкіндік беретін алаң ретінде қарастыратынын көрсетеді. Жалпы, қоғамдық-саяси реформалар аймақтарда өтуге тиіс, өйткені Қазақстан аймақтардан тұрады.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Ауыл әкімдерінің сайлауы – біздегі демократияны дамытудағы маңызды қадам». Бұл реформалар мемлекет аппаратының аудан, ауыл деңгейіндегі жауапкершілікті жіктеуді жүйелеуі тиіс. Аталған қадам азаматтардың, қоғамның саяси мәдениетін арттыра отырып, елімізде саяси плюрализм принциптерін арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Nur Otan партиясы бұл сайлаудың таза, адал өтуіне мүдделі. Батыс әлемінің қарыштап дамуының басты триггерінің бірі – жергілікті өзін өзі басқару принциптері екендігі белгілі. Ауыл азаматтары әкімге дауыс беру арқылы өзінің болашағын, ауылдың даму жолын сайлайтынын түсінгендіктен, бұл науқанға өте жауапты келді. Бұл сайлау Қазақстанда осы өзін өзі басқару принциптерінің алғышарты болып табылады.
Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде Қазақстан халқы өз әкімдерін тікелей сайлап алу құқығына ие болып отыр. Бұл – өте үлкен прогресшіл қадам. Біздің көз алдымызда тарихи оқиға болды.
Ерлан САИРОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар