Қазақстан • 27 Шілде, 2021

Коронавирус пен пневмониядан 110 адам қайтыс болды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан бір тәулікте 110 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус пен пневмониядан 110 адам қайтыс болды

25 шілдеде қайтыс болғандардың 110 адамның 86-да коронавирус зертханалық жолмен анықталса, 24-де КВИ симптомдары болмаған.

27 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустан 87 094 адам емделіп жатыр (85 163 КВИ+ және 1 931 КВИ-). Олардың 24 328-і ауруханада жатса, 62 766 науқас үй жағдайында емделуде.

КВИ+ және КВИ- науқастардың ішінде:

  • 1  461 науқастың жағдайы ауыр
  • 306 науқас аса ауыр халде жатыр
  • 182 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.