Коронавирус • 27 Шілде, 2021

ІІМ жолаушылардың ковид-мәртебесін тексеруді күшейтті

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ әуежайлар мен темір жол вокзалдарында жолаушылардың ковид-мәртебесін тексеруді күшейтті, деп жазады Egemen.kz.

ІІМ жолаушылардың ковид-мәртебесін тексеруді күшейтті

Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ПЦР анықтамасы мен  вакцинация паспортын қолдан жасау және пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс істеп жатыр.

Жыл басынан бері ішкі істер органдары жалған  ПЦР-тестін сату және пайдалану бойынша – 45 қылмыстық іс , вакцинация паспорттарын  сату және пайдалану бойынша 35 қылмыстық іс қозғады.​ Әуежай мен темір жол вокзалдарында азаматтардың ковид-мәртебесін «Ashyq» қосымшасы арқылы тексеру, сонымен қатар ПЦР-тест анықтамасы, вакцинация паспортының шынайылығына тексеру күшейтілді.

​Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда көлік полицейлері әуежай қызметкерлерімен бірлесіп, ПЦР-анықтамалар мен билеттерді бейтаныс адамнан сатып алған жігіт пен қызды анықтады. Олар Түркияға демалысқа бара жатқан. Сондай-ақ жалған ПЦР-тест анықтамасын алып, Беларусь Республикасына ұшпақ болған Шымкент қаласының тұрғыны да ұсталған.

«Олар ұшуға жіберілген жоқ. Осы аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 385-бабының 3-бөлігімен (Көрнеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», деді О.Бекеев.

Айта кетейік, жалған құжат дайындағаны үшін төрт жылға дейнгі бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген. Оны пайдаланғандар үшін 40 тәулікке дейін қамаққа алу түріндегі жаза бар.