Қоғам • 27 Шілде, 2021

Мүгедектігі бар 9,4 мың адам жұмысқа орналасты

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 11,6 мың мүгедектігі бар адам қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Мүгедектігі бар 9,4 мың адам жұмысқа орналасты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жазуынша,  9,4 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде 3,3 мыңы - тұрақты, 6,1 мыңы әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі және қоғамдық жұмыстар сынды уақытша жұмыспен қамтылды. 362 адам қысқамерзімді кәсіптік оқытуға жіберілді.         

«Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне мүгедектігі бар1185 адам оқытылды, оның ішінде 127-сі жобасын қорғап шықса, 45-і грант, екеуі шағын несие алды.

Сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 158 адам шағын несие алса, тағы 524 мүгедектігі бар адамға қайтарымсыз грант бөлінді.

Бұдан басқа, МБА арналған жұмыс орындары квотасы шеңберінде 4,4 мың адам жұмысқа орналастырылды. Халықаралық тәжірибе негізінде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға жұмыс берушілердің шығынын субсидиялау енгізілді.

2021 жылы көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін 251,8 млн теңге сомасына 113 арнайы жұмыс орнын құру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 19,3 млн теңге игеріліп, 9 арнайы жұмыс орны құрылды.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50