TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021

Қазақстандық спортшы садақ атудан келесі кезеңге өте алмады

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Денис Ганькин Токио Олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық спортшы садақ атудан келесі кезеңге өте алмады

ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Денис Ганькин бірінші кезеңде Египет спортшысы Юсуф Толбаны 6:4 есебімен ұтып, екінші айналымда италиялық Мауро Несполиден 2:6 есебімен жеңілді. 

Осылайша, Ганькин үшін Олимпиада ойындары аяқталды. Енді Қазақстан сапынан Ильфат Абдуллин мен Санжар Мұсаев сынға түсетін болады.