Үкімет • 27 Шілде, 2021

Ерлан Қарин сайлау парағындағы «Бәріне қарсымын» бағаны жөнінде пікір білдірді

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин 25 шілдедегі әкімдер сайлауында қолданылған дауыс беру бюллетеріне «Бәріне қарсымын» бағанын енгізудің алғашқы нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Қарин сайлау парағындағы «Бәріне қарсымын» бағаны жөнінде пікір білдірді

«Ауыл әкімдерінің өткен тікелей сайлауында алғаш рет сайлаушыларға «Бәріне қарсы» дауыс беру мүмкіндігін беретін норма іске қосылды. Мемлекет басшысы мұндай норманы сайлау заңнамасына енгізу қажеттігі туралы биыл қаңтар айында Парламент Мәжілісінің жаңа шақырылымның бірінші сессиясында мәлімдеген болатын», деп жазды Президент көмекшісі Telegram каналында.

Оның айтуынша, «Бәріне қарсымын» бағаны сайлаушылар пікірінің барлық спектрін ескеруге мүмкіндік берді.

«Бұл баған азаматтардың балама ұстанымын заңды түрде білдіру құқығын кеңейтеді. Мысалы, БАҚ-та хабарланғандай, Қарағанды облысы бойынша «Бәріне қарсымын» бағанын Ақтоғай ауданының Шашубай кентінде 116 адам белгіленген. Бұл дауыс бергендердің 7%-ы. Ал бүкіл Маңғыстау облысында бұл құқықты тек 279 адам пайдаланған», деп жазады Еран Қарин.

Президент көмекшісі әкімдер сайлауында Президент жүргізіп отырған саяси реформалардың тиімділігін көрсетіп, олардың барлық тармақтары практикада дәйекті түрде іске асырылып жатқанына көз жеткізгенін айтады.