Спорт • 27 Шілде, 2021

Динара Сәдуақасова ширек финалда жеңілді

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан әлем кубогы жолындағы жарыстың алтыншы кезеңіне жолдама алған шахматшылардың алғашқы легі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Динара Сәдуақасова ширек финалда жеңілді

Қазақстан құрама командасы мүшелері арасынан бұл межеге Динара Сәдуақасова ғана жеткен еді. Бастапқы бәсекелерде америкалық Дженнифер Ю, армениялық Елена Даниелян және ресейлік Алина Кашлинская сынды  мықты ойыншыларға сан соқтырған ол ширек финалдық сайысты да өте жақсы бастады. Көптеген халықаралық жарыстар мен «Үміткерлер турнирінде» топ жарып, бұл күндері ФИДЕ рейтингінде екінші сатыға жайғасқан ресейлік Александра Горячкинаға қарсы бәсекеде қара тастармен ойнағанына қарамастан қазақ қызы тең есепке қол жеткізді. Бұл нәтижеге кәдімгідей марқайған едік. Бірақ қуанышымыз ұзаққа созылмады. Қарымта кездесуде Сәдуақасова сенім үдесінен шыға алмады. Шешуші тұста қателікке бой алдырған ол жеңілістің кермек дәмін татты.

Өзге сайыстар жайында айтар болсақ, ресейлік Александра Костенюк өзінің отандасы Валентина Гунинадан басым түсті. Қытайлық Тань Чжунъи орыс шахматшысы Екатерина Лагнодан айласын асырды. Ал украиналық Анна Музычук пен грузиялық Нана Дзагнидзе арасындағы кездесуде тең есеп тіркелді. Бұл кездесудің жеңімпазы тай-брейкте анықталады.