Қостанай облысында дүниеге келген 37 жастағы қандасымыз 2009 жылдан бері кәсіпқой рингте күш сынасып жүр. Сол аралықта 23 кездесу өткізген Иса 20 мәрте жеңіске жетті. 15 қарсыласын есінен тандырды. Бір бәсеке есепке алынбады. Ең өкінішітісі, ол өзінің соңғы екі жекпе-жегінде ойсырай ұтылды. Атап айтсақ, 2019 жылы Екатеринбургте даңқты ресейлік боксшы Евгений Тищенкоға есе жіберсе, Алматыдағы жарыста Қамшыбек Қоңқабаевқа жол берді. Енді ол 7 тамызда қайта шаршы алаңға шығады.
Ұлыбританияның астанасы – Лондонда өтетін айтулы бокс кешінде Ақпербаев 33 жастағы жергілікті былғары қолғап шебері Джон Маккаллуммен жұдырықтасады. Осы күнге дейін ол 14 рет айқас алаңына шығып, 12 рет жеңіс тойын тойлады.