Коронавирус • 27 Шілде, 2021

Токиода бір күнде коронавирусқа шалдыққандардың рекордтық саны анықталды

33 рет көрсетілді

Токио билігі Олимпиада астанасында бір күнде коронавирустық инфекцияның рекордтық санын анықтады. Бұл туралы статистикалық мәліметтерді Жапония астанасының әкімшілігі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС сайтына сілтеме жасап.


1 тәулік ішінде Токионың 2848 тұрғынында коронавирустық инфекция расталды. Бұл 7 қаңтардан бастап қалада 2520 инфекция тіркелген кездегі ең жоғары көрсеткіш.Аауруханаларда жатқан 82 адамның жағдайы ауыр.

22 Шілдеде Жапонияның бұрынғы премьер-Министрі Синдзо Абэ Covid-19-дың ауыр жағдайына байланысты Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысудан бас тартқаны туралы хабарланды. Ол эпидемиологиялық шектеулерге байланысты іс-шараға қатысуды мүмкін емес деп санады. Сол себептен, Жапонияның қарапайым азаматтарына рәсімге қатысуға тыйым салынды.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Жапония астанасында 12 шілдеден бастап төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол 22 тамызға дейін созылады.

1 шілдеден бастап Олимпиадаға қатысы бар шетелдіктер мен жапондықтар арасында, соның ішінде спортшылар, қызметкерлер және делегация мүшелері арасында бірнеше ондаған инфекция тіркелді.

Соңғы жаңалықтар

Әлемдік мұнай бағасы күрт өсті

Экономика • Бүгін, 12:37

Қазақстанда ұн қымбаттады

Экономика • Бүгін, 12:17

Бүгінгі валюта бағамы

Қаржы • Бүгін, 11:00

Ұқсас жаңалықтар