TOKYO2020 • 27 Шілде, 2021

Түрікменстан Олимпиада ойындарындағы алғашқы күміс медалін алды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрікменстандық зілтемірші Полина Гурьева Токиода өтіп жатқан ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Түркі Академиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Түрікменстан Олимпиада ойындарындағы алғашқы күміс медалін алды

Ауыр атлет Полина Гурьеваның бұл жетістігі Түрікменстанның жаңа тарихындағы алғашқы олимпиадалық медалі саналады.

Полина Гурьева 59 килоға дейінгі салмақтағы жұлқи көтеруде — 96 келі, ал серпе көтеруде 121 келі салмақты бағындырып, қортынды нәтижеде 217 келі көтерді.

П. Гурьева 22 жаста, ол осылайша Түрікменстан тарихында Олимпиада медалін жеңіп алған алғашқы спортшы болды.

Айта кету керек, бұл оның алғашқы Олимпияда ойындарына қатысуы. Бұған дейін ол 2017 жылы Бакуде өткен Ислам Ынтымақтастық ойындарында чемпион атанған еді.